Menu HELPDESK

К. Байсейітованың 110 жылдығына және Б. Досымжановтың 100 жылдығына арналған «Өнердегі өнегелі адамдар» атты концерт өтті.




Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында КСРО халық артисі, қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітованың 110 жылдығына және Қазақ КСР халық артисі Байғали Досымжановтың 100 жылдығына арналған «Өнердегі өнегелі тұлғалар» атты лекция концерт өтті.


Лекция концертті "Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру" факультетінің деканы, өнертану ғылымының кандидаты, доцент Нүсіпова Айзада Сайфоллақызы қос түлғаның өмірлері жайлы баяндамасымен бастады. Сондай-ақ, концерттік кеште Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндама жасап, Қазақстанның халық артисі, профессор Жаманбаев  Базарғали Әжиұлы Күләш Байсейітова және Байғали Досымжановтың өмірлері мен шығармашылықтары жайлы ой-толғамдарымен бөлісті. Кешке жиналған көрермен бейнетаспадан Күләш Байсейітованың орындауындағы әндерді тамашалап, Абай атындағы ҚҰОБТ артистері, консерватория оқытушылары Балуан Беркенов пен Жадыра Аманованың және Халықаралық байқаулардың лауреаты, магистрант Нұрғалым Аманбайдың орындауында К. Байсейітованың репертуарынан шығармалар тыңдады.















Альбомдарға оралу