Халықаралық «Этно-фолк-джаз» фестивалі өтті
22 қыркүйек 2018



2018 жылдың 21 қыркүйегінде, Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Үлкен концерттік залында Халықаралық этно-фолк-джаз фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік және коғамдық ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты.



Фестивальдің мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясын заманауи, синтезделген, инновациялық музыкалық бағыттарды таныстыру, жастар арасында этникалық әуендерді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы, Қазақстан аумағында мекен ететін этностардың тарихи-мәдени мұраларын сақтаушы және мәдени дамытушы институт ретінде насихаттау.
Консерватория ректоры А.Жүдебаевтің құттықтау сөзімен басталған фестивальде қазақстандық және шетелдік музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.








Қабылдау 2025