Халықаралық «ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНЫҢ» сайысында Халық Музыкасы факультеті студенттерінің жұлдызы жанды
2017 жылдың 27 наурызында Атырау қаласында «Еуразия Кубогы» атты баян-аккордеон аспаптарында орындаушыларының І Халықаралық сайысы өткізілді.
Атырау қаласында өткен сайысқа Қазақстан мен Ресей елдерінен 30 қатысушы өнер көрсетті. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының намысын қорғауға Халық музыкасы факультеті, Қобыз-баян кафедрасының 2 курс студенттері Өмірғали Баубек пен Кушеров Ерік жіберілді.
Сайыстың қазылар алқасының құрамы Қазақстан мен Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері мен белгілі орындаушыларынан құрылды. Төрағасы, Ресейдің Халық артисі Александр Скляров болды.
«Жеке орындаушы» номинациясы
Өмірғали Баубек – Бас жүлде (ұст.профессор Гайсин А.М.)
«Дуэт» номинациясы
Өмірғали Баубек, Кушеров Ерік – 2 орын (ұст.профессор Гайсин А.М.)
Студенттерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Жеңістеріңіз көп болсын!
Халық Музыка факультеті