Menu HELPDESK

Халықаралық симфониялық оркестр - Пан-Кавказ жастар оркестріне қатысу үшін жас музыканттарды бейне тыңдау жарияланды

Грузия, «Цинандали Классикалық Музыка Фестивалін» ұйымдастырушылар әлемге әйгілі дирижер Джанандреа Нозеданың жетекшілігімен бірінші Пан-Кавказ жастар симфониялық оркестрінің (PCYO) құрамына іріктеу мақсатында 18-28 жас аралығындағы Пан-Кавказ Жастар Оркестрі (PCYO) үшін Қазақстанның дарынды жас музыканттарының бейне тыңдауын өткізу туралы хабарлайды. Оркестр 2024 жылдың қыркүйегінде Цинандали Классикалық Музыка Фестивалінің резиденті болады.


2024 жылдың 11-30 тамыз аралығында әлемге әйгілі кәсіби оркестрлердің жетекші музыканттарының қатысуымен шеберлік сыныптары мен репетициялар өтеді. 31 тамыз бен 8 қыркүйек аралығы кезеңінде Цинандали фестивалінің алаңдарында репетиция және атақты дирижерлер Gianandrea Noseda, Vasiliy Petrenko және András Schiff басқаратын төрт концерт өтеді.

Тыңдау үшін қабылдау шарттары

• Тыңдауға Қазақстан Республикасында тұратын жас музыканттар қатыса алады.
• Жасы 18 - ден 28 жасқа дейін.
• Аспаптар: Симфониялық оркестрдің барлық аспаптары қатысады. Белгілі бір
аспаптарды тыңдауға арналған қосымша шарттар, сондай-ақ аспаптар тізімі мен
тыңдауға арналған нақты репертуарды www.pcyo.tsinandalifestival.ge/сайтының
бетінен таба аласыз / Сол бетте оркестрдің үзінділерін, партитураларды табуға
және жүктеуге болады
• Бейне тыңдауға өтінімдер 2024 жылдың 13 сәуіріне дейін фестиваль сайтында
қабылданады: www.pcyo.tsinandalifestival.ge/registration.
• Бейне тыңдауға қатысу бойынша барлық шығындарды қатысушылар өз есебінен
көтереді.
• Грузиядағы оркестрге қатысу (тұру, көлік шығындары, тамақтану) бойынша
тыңдау жеңімпаздарының шығындарын Цинандали фестивалін
ұйымдастырушылар төлейді.
• Қосымша ақпарат алу үшін мынаған хабарласыңыз:

Sonja@tsfest.ge (+43) 660 212355

3

Альбомдарға оралу