Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның нәтижесі
7 мамыр 2018

2018 жылдың 26-27 сәуір күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде Халықаралық «(Не)классическая музыка в современном искусстве» ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияға қатысу туралы 61 сұраныс қабылданды. Рецензиялау нәтижелері бойынша 44 адам ғана конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Конференция басталуына орай «(Не)классическая музыка в современном искусстве» мақалалар жинағы басылып шыққан болатын. Онда 44 баяндама бар.
Конференция жұмысы екі сессия бойынша ұйымдастырылды. Алайда өзге өнер түрлері мен елдерді және әр түрлі мекеме қызметкерлерін біріктіру мақсатында сессиялар тақырыптық бөлімдерге ажыратылмады. Шетелдік, қазақстандық баяндамашылар тыңдалды. Классикалық және калассикалық емес музыканың актуалды жақтарын, заманауи музыка феноменін, өнер түрлерінің өзара әрекетттестігін, мектептер мен дәстүрлерді жан- жақты зерттеп жүрген жас ғалымдар конференцияда да сөз сөйледі. Баяндама соңы қызық пікірталасқа ұласып, көптеген сұрақтар қойылған болатын. Бұл баяндамашылар көрерменнің қызығушылықтарын оята білді дегенді аңғартады.
Өнертанушы- ғалымдар мен музыкант- орындаушылардың көтерген басты мәселесі – қазіргі заманғы мәдениет, өнер , білім саласындағы қиындықтар. Музыка өнерін толыққанды зерттеу, дыбысты компьютерлік талдау, жаңа музыкалық жанрлар төңірегіндегі мәселелер. Шығарманың композициялық ерекшеліктері, музыка мен сән өнерінің, музыка мен театр, сәулет өнері мен аспаптану синтезі сияқты тақырыптар да талқыланды. Баяндамашылардың көбі өз жұмыстарында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар жиі өткізіліп тұрса екен деген тілектерін жеткізді.
Конференция шеңберінде М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының доценті, Тыва Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Ресей композиторлар одағының (Новосібір. Ресей ) мүшесі «Комплексное изучение этнической музыкальной культуры (на примере Тувы)» тақырында Екатерина Карелинаның шеберлік- класы өтті. Өнертану ғылымдарының докторы, профессор Сергей Айзенштад да (Владивосток, Ресей) «Компьютерные технологии в исследовании фортепианного искусства. Проблемы и перспективы» атты шебрлік-классын ұйымдастырды.
Конференцияға қатысқан жандар іс-шараның көңілдерінен шыққанын айтты. Пікірталастар қызық болғанын, ұйымдастыру жоғары деңгейде екенін белгілеп кетті. Және өздерінің мынадай ұсыныстарын білдірді:
1) осы секілді конференцияларға жас ғалымдарды тарту;
2) конференцияда айтылған бағыттар бойынша Халықаралық ынтымақтастықты дамыту (Глинка ат. НМК, ДГИИ), әсіресе музыкалық мәдениет пен орындаушылық интерпретацияны компьютерлік талдау әдістерін терең зерттеу;
3) конференцияға қолдау көрсету, іс-шарының фоматын кеңейтіп, концерттер және өзге мәдени іс- шаралар қосу, өнер саласында науқандар өткізу;
4) магистратура мен доктарантура оқу жоспарына музыка мәдениетін, дыбысты компьютерлік талдау методикасын, орындаушылық интерпретациясын комплексті талдауға байланысты методикалар қосуды ұсыну.
5) Күндізгі қатысудың басымдығын белгілеу.
Қабылдау 2025