Menu HELPDESK

Халықаралық ғылыми-практикалық «Заманауи өнеріндегі классикалық (одан тыс) музыка»

Халықаралық ғылыми-практикалық  «Заманауи өнеріндегі классикалық (одан тыс) музыка» Сәуір айының 26-27-күндері Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваториясында Қазақстан, Ресей мен Украина ғалымдары бас қосады. Олардың басты мақсаты академиялық және жаппай музыканың қызметі және қиындықтары туралы мәселелерді талқылау.

Іс-шараға Екатерина Карелина (Новосибирск, РФ), Сергей Айзенштадт, (Владивосток, РФ) и Галина Титова (Киев, Украина) секілді көрнекті музыкатанушылар қатысады. Екатерина Карелина («Жанрлық специфика аспектісіндегі заманауи Туваның музыкалық мәдениет құбылысы») тақырыбына баяндама жасады. Ал Сергей Айзенштадт «Фортепианода ойнаудың ұлттық техникалық ерекшеліктерін компьютерлік технологиялар арқылы зерттеудің келешегі» еңбегімен таныстырады. Галинвидный Титова болса, опералық театр режиссері көзқарасындағы дәстүр, мәдениет және жанрлар сабақтастағы жайлы зерттеуімен бөліседі.

Құрманғазы атындағы ҚҰК Ғылыми жұмыстар және Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Джуманиязова Раушан: «Консерватория қабырғасында өтетін конференцияның қай-қайсысында да маңызды тақырыптарға шолу жасалады. Конференция тақырыбын таңдаудың өзі ерекше сезім сыйлайды. Бұл жолы басты назарла – біздің бүгініміз. Олай айтуымыздың себебі, классикалық музыка қоғамдық санамызды жаулап, өмірімізге етене араласып кеткені қашан...».

Бағдарлама бойынша конференция екі күнге жоспарланған. Алты бағытта өтеді:

• Классикалық емес жағдайлардағы классикалық музыка;
• Классика мен классика еместі ғылыми талдау тәсілдері;
• «Кроссовер» феномені;
• Өнердің өзара әрекеттесуінде музыкадағы театрлық, кинокадрдың театрлығы, дыбыс пен көркем сурет секілді жағдаяттар;
• Интернационалды және этникалық классиканы ғылым мен өнерде классикалық емес амалдар арқылы зерттеу;
• Заманауи өнер мектептері мен дәстүрлер.

Конференция кезінде қазақстандық 18 музыкатанушы сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушыларының қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдер, шақырылған қонақтар мен Алматы қаласының өнертанушылары; Екатерина Карелинаның («Этникалық музыка мәдениетін комплексті зерттеу») және Сергей Айзенштадттың («Фортепиано өнерін зерттеуде қолданылатын компьютерлік технологиялар») атты тақырыптарға шеберлік-кластар.

Конференция материалдарын қолданып, «Заманауи өнердегі классикалық (одан тыс) музыка» тақырыбында ғылыми мақалалар жинағы дайындалды. Жинаққа жалпы саны 40 материал енді. Олардың әрқайсысы музыка немесе өнердің басқа түрлерінің қызметі, өмір сүру мәселелерін қозғайды.
Альбомдарға оралу