Menu HELPDESK

Халықаралық жоба аясында біздің магистранттарымыз Баку және Тбилиси қалаларында өткен студенттік концертке қатысты

           2018 жылдың 14 – 26 қазан аралығында «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы/Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia» халықаралық жоба аясында Баку музыкалық академиясы (Әзірбайжан) және Вано Сарайшвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясында (Грузия) өткен концертке біздің магистранттарымыз   Максимов Максим және Шілдебаева Айдана қатысты.

DSC00418 3.jpg

DSC00409 1.jpg

DSC00416 2.jpg

           Концерттер түрлі елдер мен дәуірлердің композиторларының шығармаларынан тұрды. Біздің орындаушылар тыңдармандарды Қазақстанның музыкалық академиялық және халық шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар, концертке Әзербайжан, Грузия және Норвегия студенттері қатысты. Барлық концерттер жоғары деңгейде өтті.

           Аталған жоба аясында 2019 жылдың көктемінде Алматы және Берген (Норвегия) қалаларында концерттер жоспарлануда.

участники студенческого концерта 2.jpg

в Тбилиси 1.jpg

DSC00680 4.jpg

Альбомдарға оралу