Menu HELPDESK

«Ханшайым мен Ханзада 2018» жұптар сайысы өтті

афиша.png

         16 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші залында «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының 3 курсы мен аға оқытушысы Шабденова Дария Рахымәліқызының жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, өндірістік практика мен «Музыкалық ағартушылық негіздері» пәні аясында «Ханшайым мен Ханзада 2018» атты ең үздік жұп сайысы өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты – студенттер өндірістік практика мен «Музыкалық ағартушылық негіздері» пәні аясында болашақ музыка пәні оқытушысының сабақтан тыс жобалық тәжірибелік жұмысын көрсету түрі. Бұл іс-шараға жоғары оқу орындарының арасындағы ғылыми, музыкалық- ағартушылық сайысына белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетуден 7 жұп сынға түсті. Байқау бірнеше ЖОО-дары (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақ Ұлттық консерваториясының) студенттерінің қатысуымен, ЖОО-дар арасындағы ізгі байланысты, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты орнатып, нығайту мақсатында жоғары деңгейде өткізілді.
Байқауға жеңімпаздары:
1-жұп: Күзенбаев Ғани және Ақназар Әйгерім (Құрманғазы ат. ҚҰК) – 3 дәрежелі Диплом;
2-жұп: Рахметов Аян (Құрманғазы ат. ҚҰК) және Иманбаева Зухра (ҚазҰҚПУ) ) – 2 дәрежелі Диплом;
3-жұп: Сырымов Қуат және Бекенова Жания (Абай атындағы ҚазҰПУ) – 2 дәрежелі Диплом және «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Диплом;
4-жұп: Әпен Жалғас және Есенқұл Назерке (Құрманғазы ат. ҚҰК) – 3 дәрежелі Диплом;
5-жұп: Дарбаев Ерсайын және Найманбаева Айгерим (Құрманғазы ат. ҚҰК) – Бас жүлде Диплом ;
6-жұп: Құрманәлі Шәмшіқалдаяқ (Құрманғазы ат. ҚҰК) және Кенжетаева Арайлым (ҚазҰУ) – 3 дәрежелі Диплом және «Ең жас жұп» номинация бойынша Диплом;
7 жұп: Фриданов Өркен и Төлегенова Кәмшат (Құрманғазы ат. ҚҰК) – 1 дәрежелі Диплом;

IMG-20181116-WA0142.jpg

IMG-20181116-WA0151.jpg

IMG-20181116-WA0145.jpg

Дария Рахымәліқызы,

Жобаның авторы және

жетекшісі, аға оқытушы



Альбомдарға оралу