«Ханшайым мен Ханзада 2020» жұп сайысы
2020 жылдың 20-ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының 3 курс студенттері мен аға оқытушысы Шабденова Дария Рахымәліқызының жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, өндірістік практика мен «Музыкалық ағартушылық негіздері» пәні аясында «Ханшайым мен Ханзада 2020» атты ең үздік жұп сайысы өткізілді. Бұл іс-шарада жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми, музыкалық-ағартушылық бағыттағы білімдерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетуден 6 жұп сынға түсті. Байқауға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің, Өнер, мәдениет және спорт институтының, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының, Bittle production academia оқу орталығының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері қатысты. Бұл сайыстың мақсаты – студенттердің өндірістік практика мен «Музыкалық ағартушылық негіздері» пәні аясындағы болашақ музыка пәні оқытушысының сабақтан тыс жобалық тәжірибелік жұмыстарын көрсету. ЖОО арасындағы ізгі байланысты орнатып, студенттердің бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту.
Байқауға қатысқан үміткерлер:
1 жұп: Слямгалиев Дәуірбек және Серғазина Назерке (Абай атындағы ҚазҰПУ) – 3 дәрежелі Диплом;
2 жұп: Амангелдиев Руслан және Батырбекова Ұлпан (Абай атындағы ҚазҰПУ) – 1 дәрежелі Диплом;
3 жұп: Көкенов Ерасыл (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) және Рахымбердиева Айшолпан (ҚазҰҚПУ) – 2 дәрежелі Диплом;
4 жұп: Темен Алишер (bittle prodaction academia) және Отунчи Шахизада (Құрманғазы ат. ҚҰК) – 2 дәрежелі Диплом;
5 жұп: Көпбаев Әділет (Құрманғазы ат. ҚҰК) және Асылбек Гулім (Құрманғазы ат. ҚҰК) – Гран-При;
6 жұп: Бөжеев Ерлан және Ережеп Ғазиза (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжі ) – 3 дәрежелі Диплом.
Байқау өте қызықты, тартысты өтті. Қатысушылар жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. Байқау «Таныстыру», «Атадан мұра, әжемнен өнеге», «Сұрақ-жауап», «Өнерің өрге жүзсін», «Актерлік шеберлік» тәрізді кезеңдер бойынша өткізілді. Таныстыру кезеңінде үміткерлер өздерін әнмен, сахналық көріністерімен көрсете білді. Жастарға ерекше ұнағаны «Өнерің өрге жүзсін» сайысы. Бұл кезеңде үміткерлеріміз бойларындағы бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. «Актерлік шеберлік» сайысында да студенттеріміз өздерінің сегіз қырлы бір сырлы екенін дәлелдеді.
Байқауға төрелік еткен қазылар құрамы:
Қазылар алқасының төрайымы:
- Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты (PhD), өнертану ғылымының профессоры – Қалиақпарова Ләйлә Төкенқызы;
Қазылар алқасы мүшелері:
- Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің профессоры, өнертану ғылымдарының доценті, «Хорды дирижерлау және вокал» кафедрасының меңгерушісі – Бурунчин Мұрат Мінайдарұлы;
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы – Құлданов Наурыз Талғатұлы;
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының аға оқытушысы, жоба жетекшісі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының магистрі – Шабденова Дария Рахымәліқызы;
- «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының оқытушысы, PHD докторы – Қалдаяқова Айсұлу Әбілқасымқызы;
- «Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы – Дандагариев Қаршыға Хамзаұлы;
- Алматы қаласы №148 гимназиясының музыка пәні оқытушысы – Чыкабаева Дана Бақбергенқызы.
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жұптар сайысы жиналған көптің және қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.
Шабденова Дария Рахымәліқызы,
Жобаның авторы және
жетекшісі, педагогикалық ғалымдарының
магистрі, аға оқытушы