Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді

2016 жылдың 15 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы  «ХХІ ғасыр музыкасындағы қолданбалы және іргелі зерттеулер»  атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. 

Мұндай міндетті және тұрақты іс-шаралар есте қаларлықтай жарқын, әрі мағыналы болуы керек. Дәл осындай іс-шараның бірі жылдың соңғы айының ортасында өткізілетін конференция.

Біздің қонақтар – Қазақстанға  бейтаныс музыкатанушылар. Олар, беделді музыкалық сыншы Вадим Журавлев, Мәскеу консерваториясының профессоры, орындаушы-зерттеуші Михаил Никешичев, Әзірбайжан университетінің доценті, орындаушы-зерттеуші Фазаил Оруджов және т.б.

Конференция қарсаңында, 14 желтоқсанда беделді музыкалық сыншы Вадим Журавлевтың «Опералық сынның бүгінгі ерекшелігі: мәселелер мен шешу жолдары. Ресейдің Үлкен және Мариин театрлары мысалында» (14.30, консерваторияның Камералық залы). Сонымен қатар, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, П.Чайковский атындағы консерваториясының Концертмейстерлік класс кафедрасының профессоры, «Танеев музыкалық қоғамының» төрағасы, «Золотой витязь» сыйлығының иегері М. В. Никешичевтің шеберлік класы өтеді.    

Конференция жұмысы мерекелік концертпен қорытындыланады (15 желтоқсан, 19.00, Үлкен концерттік зал). Концерт бағдарламада дәстүрлі және академиялық музыка. Концертке арнайы шақыртылған қонақтар өнер көрсетеді, олар – Маңғыстау күйшілік мектебінің өкілдері, дәулескер күйші Сержан Шәкіратов пен жыршы Амандық Көмеков, Әзірбайжан дәстүрлі музыкасының өкілі Фазаил Оруджов. Сонымен қатар,  Сыр өңірі жыраулық мектебінің өкілі Ұлжан Байбосынова, Арқа әншілік мектебінің өкілі Ардақ Исатаева, шертпе күйшілік мектебінің жарқын өкілі Біләл Ысқақов қатысады.

Концерттің академиялық бөлімі де өзіндік құрылымымен ерекшеленеді. Бұл бөлімде халықаралық конкурстардың лауреаттары Арман Тлеубергенов пен Еркебұлан Сапарбаевтың дуэті, «D’EL’SA Consort» еліміздің үздік барокколық ұжымы және тыңдаушылардың сүйікті ұжымына айналған Ян Рудковскийдің жетекшілігімен консерваторияның аралас хоры өнер көрсетеді.

КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ!

международная конференция.jpg

Анықтама телефондары:

+7(727) 261 07 12, 272 98 69

+7 701 272 98 69

Альбомдарға оралу