Menu HELPDESK

Кіші футболдан факультетаралық Ректор кубогы өтті

2024 жылдың 27 сәуірінде Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының спорт алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған факультетаралық кіші футболдан Ректор кубогы өтті. 

Жалпы консерватория студенттері арасында алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отырған ойынға биыл сегіз команда тіркелді. Тартысты өткен ойын қортындысы бойынша «Халық музыкасы» факультетінің 4 курс студенттері бірінші орынды иеленсе, «Музыкалық білім беру» және «Арт менеджмент» кафедра студенттерінен құралған команда екінші орынға қол жеткізді. Ал, «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультеті студенттерінің аралас командасы үшінші орынды місе тұтты. Сондай-ақ, «Үздік қақпашы» номинациясы «Вокалдық өнер» кафедрасының 3 курс студенті Есжанов Мұхаммеджанға бұйырса, жарыстың «Үздік ойыншы» номинациясын «Домбыра» кафедрасының 4 курс студенті Матжан Нұрасыл қанжығасына байлады.









Альбомдарға оралу