Конференция “Қазіргі заманғы шығармашыл жастардың құндылық әлемі”
2017 жылдың 25 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы “Қазіргі заманғы шығармашыл жастардың құндылық әлемі” атты тақырыпта cтуденттердің кезекті ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция мақсаты – студенттердің назарын ғылыми-шығармашылық және зерттеу жұмыстарына тарту, мақала және баяндама жазуға дағдылантыру, оларды қолдау және ғылыми біліктілігін дамыту.
Конференцияның мәнді өтуіне консерваториямыздың 1-ші және 2 курс студенттерi атсалысып, 17 студент үш тілде баяндама жасады.
Конференция аяқталған соң қазылар алқасы өз қорытындыларын шығарды. Орын алған студенттер диплом және сийлықтармен марапатталды.
1 орын – Закирова Әсем, орындаушылық факультетінің 1 курс студенті
2 орын – Токмагамбетов Өркен, музыка және менеджмент факультетінің 1 курс студенті
3 орын – Камалқызы Жанерке, вокал және хорды дирижерлеу факультетінің 1 курс студенті
Іс-шара модераторы – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлсара Абсатарова.