Консерватория қабырғасында өткен «ӨНЕР» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдiстемелiк кеңестiк салиқалы мажилiсi
16 сәуір 2018
Бірлестік құрамында Қазақстан Республикасының «Өнер» мамандықтары бойынша 9 жоғары оқу орындарымүше болып табылады. Осы орайда, аталған кеңеске Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен, Қазақ ұлттық өнер университетінен, Павлодар мемлекеттік университетінен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен өкілдер қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде ҚР БжҒМ тапсырысы бойынша Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде жасалған стейкхолдер арқылы құзіретті бағытталған білім беру бағдарламасын жобалау мен бағалау әдіснамасын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қолдану тақырыбында баяндамалар оқылды. Құрманғазы атындағы ҚҰК оқу істер жөніндегі проректорының міндетін атқарушы, өнертану кандидаты, ХАА академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері А.С.Сарымсақова, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Қобыз-баян» кафедрасының доценті, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ш.З. Рауандина, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Вокалдық өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент А.Смайлова, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидатыА.З.Бұлтбаевақұзіретті білім бағдарламасы туралы баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар Шығармашылық жоғары оқу орындарында қосдипломдық білім беруді жүзеге асыру: әрекеттері мен тетіктері атты дөңгелек үстелде Құрманғазы атындағы ҚҰК оқу істер жөніндегі проректорының міндетін атқарушы, өнертану кандидаты, ХАА академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. А.С.Сарымсақова қос дипломдық білімнің маңызы мен қажіттілі жайлы ой қозғады.
Мәжіліс соңында әр жоғары оқу орнынан келген кеңес мүшелері сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Қабылдау 2025