Menu HELPDESK

Консерватория оқытушылары Виго қаласында шеберлік сыныптарын өткізді

  

2024 жылғы 15-19 сәуір аралығында Erasmus + бағдарламасы бойынша тағылымдама аясында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары, Виго жоғары музыкалық консерваториясына (Виго, Испания) барды.

 

Сапарға Корлан Маратовна Халилова (скрипка), Зухра Шавкатовна Зейнгалиева (флейта), Ирина Анатольевна Гавриленко (фортепиано), Жания Рахманқызы Уоррен (халықаралық бөлімнің менеджері) қатысты. Әріптестер испан консерваториясының Әкімшілігімен кездесулер өткізіп, шеберлік сыныптары мен академиялық музыка концертін өткізді.

Біздің оқытушылар шеберлік сабақтарына қатысатын студенттердің жоғары дайындық деңгейін, олардың жауаптылығын, орындалатын бағдарламалардың алуан түрлілігін атап өтті. Академиялық музыка концерті негізінен қазақстандық композиторлардың шығармаларынан тұрды. К. Шілдебаевтың «Қаракемер» күйі, А. Толыкпаевтың өңдеуіндегі «Япурай», А. Нуркенованың «Алматы» скерцосы, Коган өңдеуіндегі Дәулеткерейдің күй-каприсі, В. Новиковтың үш пьесасы және Р. Кали өңдеуіндегі «Ақбақай» күйлері ерекше жылы шыраймен қарсы алынды.

Бұл сапар Қазақстан мен Испания арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудың, сондай-ақ мәдени тәжірибе алмасудың, шетелде Қазақ ұлттық музыкасын танымал ету саласындағы жарқын үлгісі болды.















Альбомдарға оралу