Menu HELPDESK

Консерватория ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған есеп беру кездесуі өтті.

11111.jpg


26 қыркүйекте РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған есеп беру кездесуі өтті. Арман Әділханұлы еліміздің жетекші шығармашылық оқу ордасының ұжымын басқаруға сенім мен үміт артқан мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Ұжым алдына қойылған ауқымды да маңызды міндеттерді шешу жолында бар білімін, ерік-жігерін және күш-қуатын арнап еселі еңбек ететінін жеткізді.

Консерваторияның қызметі «Музыкалық өнер» және «Білім беру» бағыттары бойынша екі бағытта жүзеге асырылатынын айта келе, ректор білім ордасының нормативтік-құқықтық базасын жылдың бірінші жартысында жаңа заңдарға сәйкес келтіруді жоспарлап отырғанын, яғни қолданыстағы ережелерді қайта қарау және қайта бекітуді қолға алғанын хабарлап басқа да жақын арада атқарылуы тиіс міндеттерді анықтап берді.

Сөз соңында студенттердің ата-аналарына арнайы сөзін бағыштап, туындаған сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстарды тыңдады.

Кездесу консерватория студенттері мен студенттік ұжымдары қатысқан концертпен жалғасын тапты.


55555555555.jpg


333333.jpg


77777777.jpg


666666666666.jpg


Ректор есебінің толық нұсқасын мына жерден қарай аласыз.


Альбомдарға оралу