Menu HELPDESK

Консерватория студенттері Ақтөбеде өткен вокалистер байқауынан жүлдемен оралды


«Вокалдық өнер» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріміз Ақтөбе қаласында өткен Марат Әйтімов атындағы II Республикалық «ДАУЫС» Вокалистер байқауына қатысып, жүлдемен оралды.

Аға оқытушы Бекназарова Танагүл Кайкенқызының шәкірті, 2-курс студенті Аружан Алпысбаева жүлделі 2 орынды иеленсе, 2-курс студенті, Аманова Жадыра Конысбекқызының шәкірті Аманбол Сейілхан байқау дипломанты атанып, Қазақ КСР Халық артисі, профессор Есімов Ғафиз Қадырұлының шәкірті, 1-курс студенті Саят Абдулла арнайы жүлдеге ие болды.

Жүлдегер студенттеріміз бен олардың ұстаздарын жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болсын демекпіз.




Альбомдарға оралу