Menu HELPDESK

Консерватория студенттері байқауда бақ сынады




21-23 қыркүйек аралығында Абай облысында Әсет Найманбаев атындағы Республикалық әншілер конкурсы болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - ұлы әнші, сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттап дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, ұлттық ән өнерінің ізгі дәстүрлерін жаңғырту болып табылды.

Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып, эпикалық хисса-дастандармен, әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген, халық арасынан шыққан асқан дарын иесі, ақын, әнші әрі сазгер Әсет Найманбайұлының шығармашылығы ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Осы киелі мұраны кеңінен, тереңінен дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің каусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында өткізілген аталмыш өнер додасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттері де қатысып, бақтарын сынап қайтты.

Нәтижесінде байқау қортындысы бойынша Халық әні кафедрасының білім алушылары Саниязбекұлы Айдос 2 орынға ие болса (ұстазы доцент Е.Шүкіманов), Бектас Ұлсая 3 орынды иеленді (ұстазы доцент А.Исатаева). Ал, Өмірғали Мадияр (ұстазы доцент Е.Шүкіманов) аталмыш байқаудың дипломанты атанды.







Альбомдарға оралу