Menu HELPDESK

Консерватория шетелден келген студенттерді қабылдады

Ағымдағы 2018-2019 оқу жылында 01.09.2018 ж. мен 01.06.2019 ж. аралығында Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясына АҚШ Елшілігінің Fulbright US Students бағдарламасы аясында тыңдаушы ретінде американдық зерттеушісі Яша Хоффман, АҚШ азаматы келді. Аталмыш маман зерттеулер жүргізіп, Қазақстандағы музыка мәселелерін зерттейді, Консерватория ұстаздарынан композиция бойынша білім алады. Сонымен қатар Я. Хоффман Консерватория ұжымына ағылшын тілінен дәрістер жүргізетін болады.

DSC_0237.jpg

DSC_0229.jpg

Бүгінгі таңда «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында Консерватория жақын шетелден келген студенттерді қабылдады.        

Н.Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы және Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы арасындағы өзара ынтымақтастық келісімшартты жүзеге асыру мақсатында 2018-2019 оқу жылының бірінші семестрінде 2018 жылдың 1-ші қазанынан    29 желтоқсан аралығына Қазан мемлекеттік консерваториясынан (Қазан қ., Ресей Федерациясы) келесі студенттер оқуға келді:

1.  Сараев Ибрагим Фазиль оглы - 3 курс, «Вокал» мамандығы, Вокалдық өнер факультеті;

DSC_0197.jpg

2.  Бадртдинов Артур Радимович - 4 курс, «Опералық ән» мамандығы, Вокалдық өнер факультеті.

DSC_0188.jpg

DSC_0182.jpg


Альбомдарға оралу