Menu HELPDESK

Консерваторияда Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығын атап өтті

2019 жылдың 24 сәуірінде Алатаудың бұлбұлы атанған қазақ халқының дүлдүл ақыны, жыршы, күміс көмей әнші, халық композиторы Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұйымдастырған «К.Әзірбаев шығармашылығының бүгінгі насихаты» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
  
Жиынға қатысқандар: Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жүдебаев, К.Әзірбаевтың қызы Төрткен Кененқызы, ұлы Бақытжан Әзірбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е. Қосбармақов, Халық музыкасы факультетінің деканы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Әшіров, Халық әні кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Аманкелді Күзеубай, Халық әні кафедрасының доценті, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Еркін Шүкіманов, Халық әні кафедрасының доценті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева, Халық әні кафедрасының доценті Тілеулес Құрманғалиев, Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨ академиясының аға оқытушысы Шолпан Дәржанова, Ж. Елебеков атындағы РЭЦК оқытушысы Т.Әбуғазы, өнертанушы Ербол Тұңғышұлы, Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы, PhD докторы Айжан Бердібай.

Сол күні консерваторияның үлкен концерттік залында «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әнім қалсын» атты концерттік кеш те өтті. Кеш барысында Кенен атаның әндеріне қоса, халық ақынына арналған шығармалар да орындалды. Ұжым басшысы Арман Әділханұлы кеш қонақтары Кененқызы Төрткен апамыз бен Кененұлы Бақытжан ағамызға шапан жауып құрмет көрсетті.



















Альбомдарға оралу