Menu HELPDESK

Консерваторияда халықаралық семинар өтті



Бүгін, 2023 жылдың 2 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында «Аспаптық оорындаушылық» факультеті базасында «Орындаушылық өнер дәстүрлері: бароккодан бүгінгі күнге дейін» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Жиын модераторы факультет деканы, «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, PhD Доктор Бекенова Айжан Сләмқызы болды.

 

Семинарда қазіргі заман мен тарих тұрғысынан орындаушылық пен интерпретациялаудың түрлі өзекті мәселелері көтеріліп, заманауи музыкалық білім беру мәселелері қаралды.


Семинардың мақсаты аталмыш тақырыптарды талқылау, қорыту, ғылыми және әдістемелік ақпарат және тәжірибе алмасу болды. Халықаралық шараға АҚШ, Хорватия, Австрия, Ұлыбритания, Болгария, Өзбекстан елдерінің профессорлары қатысты. Сондай-ақ жиында консерваторияның профессор-оқытушылар құрамы, факультет магистранттары мен семинар қонақтары болды.













Альбомдарға оралу