Menu HELPDESK

Консерваторияда профессор Кәрима Сахарбаеваның 70 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтпек

2022 жылы 8-9 желтоқсан күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші-ұстаз, өнер зерттеушісі, профессор Сахарбаева Кәрима Сүндетқызының 70 жылдық мерейтойына орай «ХХІ ғасырдағы дәстүрлі музыка: зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын және «Дәстүрлі өнер – алтын арқау» атты концертін өткізгелі отыр. Шара аясында Айтқали Жайымов, Біләл Ысқақов, Кәрима Сахарбаева, Арман Жайымның бірігіп шығарған «Домбыра сазы» кітабының тұсаукесері және өнер қайраткерлері мен зерттеуші ғалымдардың шеберлік сыныптары да өтпек.

 

Мерейтойлық концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі – бас дирижері А. Тілепбергенов, дирижер ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Жайымов, Қырғызстанның халық артисі Р. Аманова, ҚР еңбек сіңірген артисі Р. Айдарбаева, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі С. Кочербаев, консерватория ұстаздары Қ. Жұмағали, Ә. Алина, Т. Сәденов, А. Қойшыбаев және ардагер-ұстаздың шәкірттері өнер көрсетеді. Концертті Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абдулхамит Райымбергенов жүргізеді.





Альбомдарға оралу