Menu HELPDESK

Консерваторияда «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының VII симпозиумы өтеді



2021 жылдың 4-7 қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ЮНЕСКО жанындағы дәстүрлі музыка бойынша Халықаралық кеңесінің «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының «Дәстүрлі музыканы сақтау, біріктіру және жаңарту: теория әрі тәжірибе» атты VII симпозиумы өтеді. Онлайн форматта өтетін іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен дәстүрлі музыка бойынша Халықаралық кеңес бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Айта кетер жайт, еліміздің жетекші музыкалық жоғары оқу орны ЮНЕСКО жанындағы дәстүрлі музыка бойынша Халықаралық кеңеспен ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет етіп келеді.

2016 жылы Алматы қаласында «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобының симпозиумы ұйымдастырылған болатын. Сол уақытта ол кең ауқымды қоғамдық резонансқа ие болып, этномузыка ғылыми қоғамдастығының назарын өзіне аударды.

Жетінші симпозиум 2020 жылы Қырғызстанда өткізілуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Зерттеу тобының басшылығы мен мүшелерінің өтініші бойынша симпозиумды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы онлайн форматта қайта қабылдады.

Ұйымдастырушылар туралы қысқаша ақпарат

ICTM – әлемнің барлық елдерінде дәстүрлі музыка мен биді жан-жақты зерттеуді, құжаттауды, сақтауды және таратуды мақсат ететін зерттеу ұйымы. Кеңес 1947 жылдан бері жұмыс істеп келеді және ЮНЕСКО-мен ресми қарым-қатынаста, музыкалық өнер саласындағы материалдық емес мәдени мұраны сақтау және мәдени мұраның өкілдік тізімдерін қалыптастыру үшін нормалар мен ережелерді әзірлеу үшін сараптамалық база ретінде қатысады. Дүниежүзілік конференциялар (олардың бірі 2015 жылы елордада өткен) екі жылда бір рет өткізіліп, әлемнің түкпір-түкпірінен музыкалық дәстүрдің жетекші зерттеушілерін жинақтайды (2019 жылғы конференция 800-ге жуық қатысушыны жинады). Зерттеу топтарының симпозиумдары нақты теориялық және тәжірибелік ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған негізгі кездесулер болып табылады.

«Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобы 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Сібірдің оңтүстігінен Жерорта теңізінің жағалауына дейін созылған түркітілдес әлемнің кең аумағында кездесетін дәстүрлі музыка мен билерді тәжірибеге, құжаттауға, сақтауға және таратуға арналған. Оған көптеген этникалық топтардың өнері мен музыкасы кіреді (алтай, әзірбайжандар, балқарлар, башқұрттар, чуваштар, қырым карайымдары, долган, гагауздар, қарашайлар, қарақалпақтар, қазақтар, хакастар, қырымдықтар, қырғыздар, ноғайлар, шорттар, татарлар, түрікмендер, түріктер, тувалықтар, ұйғырлар, өзбектер якуттар, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық мемлекеттер.

Құрманғазы атындағы ҚҰК ICTM жұмысына белсенді қатысып келеді. ЖОО өкілдері 1990-шы жылдан бастап Кеңестің тұрақты мүшесі болып табылады. 2010, 2016 және 2018 жылдары ICTM өкілдерінің қатысуымен Құрманғазы атындағы ҚҰК базасында ірі халықаралық симпозиумдар мен конференциялар өтті. Құрманғазы атындағы ҚҰК «Түркітілдес әлем музыкасы» зерттеу тобында 2006 жылдан бері жұмыс істейді.

«ТҮРКІТІЛДЕС ӘЛЕМ МУЗЫКАСЫ» VII СИМПОЗИУМЫ ТУРАЛЫ

Симпозиумға Ұлыбритания, АҚШ, Бельгия, Венгрия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның зерттеушілері қатысады.

Симпозиумның жұмыс тақырыптары:

1.ТҮРКІТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ АСПАПТЫҚ, ӘН ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ.

Түркі халықтары мен олардың көршілерінің қазіргі дәстүрлі мәдениеті қандай? Ұлттық бірегейлік ән, эпос, аспаптық музыкада қалай көрінеді? ХХІ ғасырдағы дәстүрлі мәдениеттің мәселелері қандай? Осындай сұрақтарға жауап алатын музыкалық және музыка-поэтикалық дәстүрлердің тарихын, қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, олардың мәдени маңыздылығын, ән мен аспаптық дәстүрлермен байланысын талқылағымыз келеді.

2. ҚАУІП-ҚАТЕРДЕГІ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: САҚТАУ НЕМЕСЕ ҚАЙТА ҚҰРУ.

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенциясы (2003 ж.) үш тізімнен тұрады: адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізімі; қорғаудың тиісті тәжірибесінің тізімі; жедел қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұраның тізімі. Осыған байланысты симпозиумда фольклор мен дәстүрлі өнердің ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫ және ұлттық дәстүрлерді ЖАҢҒЫРТУ мәселелері қаралады.

3. ТҮРКІТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАР.

Біздің VII Халықаралық Симпозиум орындаушылық және педагогикалық қызметке қатысатын ғалымдар, музыканттар мен халық шеберлері арасында пікір алмасуға мүмкіндік береді. Презентациялар мен пікірталастар (дөңгелек үстелдер) концерттер, шеберлік сыныптары мен бейнекөрсетілімдер өтеді.

СИМПОЗУИМ БАҒДАРЛАМАСЫ







Альбомдарға оралу