Menu HELPDESK

КОНСЕРВАТОРИЯДА XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ


2024 жылдың 26 наурызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Өнер» бағытында 11 білім беру бағдарламасы (19 номинация) бойынша ҚР ҒЖБМ XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының шымылдығын ашты.

Олимпиада биылғы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойы аясында өтетіндігімен ерекшеленеді. Олимпиаданың алғашқы күні «Халық әні» кафедрасының «Халық әні», «Жыршылар» номинациясы бойынша басталды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жыл сайын «Өнер» бағытында өтетін республикалық пән олимпиадасына биыл 500-ден астам өтініш келіп түсті. Байқауға Астана, Қарағанды, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Семей, Павлодар, Орал қалаларының жас музыканттары қатысуда.








Альбомдарға оралу