Консерваториядағы CEPROM конференциясы
Шілденің 11-13 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясында CEPROM мекемесінің (Commission for the Education of the Professional Mus, Финляндия секілді мемлекеттердің оқу орындарынан 14 ғалым қатысты.
Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жүдебаевиың айтуы бойынша, осы секілді дәрежедегі іс- шаралардың өткізілуі музыкалық білім төңірегіндегі көптеген сұрақтардың шешілуіне ықпал етеді. «Әлемдік CEPROM конференциясының қатысушыларын қабылдау біз үшін үлкен құрмет. Мақсаты әлемдегі барлық музыкант- оқытушылардың арасында түсіністік пен ынтымақтастық орнату. Әлемдік сахнадағы осындай семинарлардың өтуі біздің елімізде туындап жүрген музыкалық білім айналасындағы барлық сұрақтардың шешімін табуына оң әсерін тигізеді»- деп атап айттыол.
33 Халықаралық CEPROM конференциясының мақсаты музыкалық білімнің сан алуан бағыттарына байланысты ойлармен бөлісіп, музыкант- педагогтар арасында байланысты нығайтып, жаһандық түсіністікке жетелеу. Семинар музыканттардың музыканы қалай қабылдайтынына арналды; кәсіби мамандар жылдар бойы музыканы қалай шығарып, оны қажеттіліктер мен ізденістердің үнемі дамып жатқанын ескеріп өмірде қалай пайдаланатынымен бөлісті.
Үш күндік семинар шеңберінде спикерлер мына тақырыптар төңірегіндегі тәжірибе мен қорытындыларымен бөлісті:
Орындаушы мамандығы және өмір жолында оның алдынан шығатын қиындықтар;
Музыканттың денсаулық жағдайы, сыртқы факторлардың оның физикалық жағдайына әсері;
Музыкалық карьераны ұстап тұру мен әрі қарай дамыту;
Отставкаға эмоционалды және қаржылай дайындық.
Үш күндік семинардан бөлек конференция қатысушылары қазақтың ұлттық мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық музыка факультетінің студенттері мен магистранттары жетіген, домбыра, фольклорлық аспаптарда (сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы) күйлер мен әндер орындап, келген қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады.