Консерваториямыздың бес бірдей студенті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры стипендиясының иегерлері атанды
26 қыркүйек 2019
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры стипендиясына сертификаттар тапсыру салтанаты өтті. Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отырған республикалық байқау екі турдан тұрды. Бірінші тур оқу орнында өткізілді, ал екіншісін Қор ЖОО ұсынған студенттер арасында ұйымдастырды. 27 мамыр мен 28 маусым аралығында өткізілген конкурсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Түркістан, Өскемен және Шымкент қалаларының 350-ден астам студенттері қатысып, оның 80-і ғана жеңімпаз атанды. Стипендияны оқу барысында, сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекшеленген жеңімпаздар бір жыл бойына алмақ.
Стипендия иегерлері атанған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті - Айтжанова Анель, «Фортепиано» кафедрасының 3-курс студенті - Балтабай Саиддин, «Музыкатану және композиция» кафедрасының 2-курс магистранты - Мұхамбетжанов Шерхан, «Ішекті аспаптар» кафедрасының 3-курс студенті - Ильмурадов Самат және «Дирижерлеу» кафедрасының 4-курс студенті - Шәріп Аршатты аталмыш жеңістерімен құттықтаймыз.
Жобаның негізгі мақсаты жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) білім беру оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқуға деген құштарлығын жоғарлату, ғылыми жұмыспен айналысуын және шығармашылығын қолдау. Қордың стипендиясы ай сайын жазғы кезеңді қоспағанда бір оқу жылына төленеді.
Айта кетейік, барлық жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендианты» атағы беріліп, арнайы сертификат пен стипендиант төсбелгісі табысталды.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025