Консерваториямыздың магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында Әзірбайжан ұлттық консерваториясына аттанды
16 қазан 2019
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында Баку қаласындағы Әзірбайжан ұлттық консерваториясына ғылыми тағылымдамаға аттанды. Қазан айының 16-26 күндері аралығында шетелдік ғылыми тәжірибеден өтуге жіберілгендер қатарында «Музыкатану» мамандығының магистранты Ш. Мұхамбетжанов, «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының магистранттар ы А. Абылсерік, Ф. Амантаева, А. Жұмабаев, А. Шынаров, Қ. Әмірхановтар бар.



Альбомдарға оралу



Қабылдау 2025