Menu HELPDESK

Консерваторияның 1 және 2 курс студенттеріне арналған Бельгияға Erasmus+


Льеж Корольдік консерваториясына / Conservatoire royal de Liège (Льеж, Бельгия) 2024-2025 оқу жылының бір семестр ішінде (2024 қазан айы – 2025 қаңтар айы) оқуға конкурс жарияланады. Үміткерлер мен өтінімдер саны шектелмеген, гранттар саны берілмеген.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер келесі критерийлер мен талаптарға сай болуы тиіс:

- ҚР азаматы;

- Сілтемеде көрсетілген мамандықтар бойынша 1 және 2 курс студенті, https://www.crlg.be/etudes-musique/;

- Алдыңғы оқу кезеңіндегі жоғары оқу үлгерімі (GPA 3,0);

- Жауапкершілік және коммуникабельділік.

 

Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар (грант иегерлері) үшін де, ақылы негізде оқитындар үшін де ашық.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Erasmus+ бағдарламасы аясында шығындарды (тұру, көлік, стипендия) толық өтей отырып оқитын болады .

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы 30 сәуір.

Қабылдаушы Тараптың тиісті факультеті іріктеуді өзі жүргізеді.

Іріктеуге қатысу үшін, келесі ақпараттық брошюрамен танысып алыңыз: «CrLg→Le Conservatoire→International Relations» және келесі онлайн-форманы толтырыңыз https://forms.gle/aV7LwWAAvEjW9CW69.

 

Қажетті құжаттар:

· Оқу жоспар/оқу кесте жобасы (алдын ала шарт) тікелей онлайн-форма арқылы толтырылуы тиіс https://forms.gle/aV7LwWAAvEjW9CW69;

· Мотивациялық хат (еркін түрде ағылшын немесе француз тілінде);

· Еркін түрде Резюме немесе арнайы форма арқылы Curriculum Vitae Europass https://europa.eu/europass/en/create-europass-cv (ағылшын немесе француз тілінде);

· Академиялық транскрипт;

· Француз тілін білу сертификаты (B1, B2) НЕМЕСЕ Erasmus+ бағдарламасы арқылы оқитын шетелдік студенттерге арналған тегін француз тілі сабақтарына қатысу міндеттемесі;

· Медиа-файл(дар): онлайн-платформаларда (YouTube, Vimeo және т. б.) орналасқан медиа-файлдарға веб-сілтемелер. «Композиция» білім бағдарламасының студент-үміткерлері, кемінде үш өз туындыларының партитураларын және аудиожазбаларын жүктеуі тиіс. Аспаптарда ойнайтын үміткерлер 15-тен 20 минутқа дейінгі бейнежазбаларды, әр түрлі стильдегі үш үзіндіні жүктеуі керек.

 

Үміткер онлайн-форма арқылы өтініш бергеніне қарамастан, үміткерге 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін келесі электрондық поштаға relations.internationales@crlg.be, өтінімді көрсете отырып, ескерту хатын жіберу қажет болатынын ескертеміз.

Сондай-ақ онлайн-өтінім бергеннен кейін халықаралық бөлімнің электрондық поштасына intdepkons@gmail.com хат жіберіп, халықаралық бөлімнің қызметкерлеріне телефон арқылы хабарлау қажет +7 727 338 44 83, +7 777 582 61 71 (Владислав, халықаралық бөлім).

Үміткерлер Льеж корольдік консерваториясына хабарласа алады және/немесе қажет болған жағдайда бейне қоңырауға жазыла алады.

Консультацияларды келесі телефон нөмірі арқылы да алуға болады: +7 702 599 00 62 (WhatsApp, 13:00 кейін кез келген күні), халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер – Жaния Рахманқызы

Альбомдарға оралу