Menu HELPDESK

Консерваторияның 1 және 2 курс студенттеріне арналған Испанияға Erasmus+


Виго консерваториясына (Conservatorio Superior de Música de Vigo, Виго қ., Испания), 2024–2025 оқу жылының бір семестр ішінде (27.02–30.05.2025 г.) «үрлемелі және ұрмалы аспаптар», «ішекті аспаптар» мамандықтары бойынша, оқуға конкурс жарияланады.

Үміткерлер мен өтінімдер саны шектелмейді, шектелген тек гранттар саны – 3.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер келесі критерийлер мен талаптарға сай болуы тиіс:

- ҚР азаматы;

- Аспаптық орындау факультетінің 1 және 2 курс студенті («Үрлемелі және ұрмалы аспаптар», «Ішекті аспаптар», сонымен қоса «Гитара»);

- Алдыңғы оқу кезеңіндегі жоғары оқу үлгерімі (GPA 3,0);

- Жауапкершілік және коммуникабельділік;

- Ағылшын тілін білудің жақсы деңгейі: ауызша/жазбаша тілді түсіну, дәрістерге/семинарларға қатысу, сонымен қатар өз ойларыңызды тұжырымдай білу.

«Үрлемелі және ұрмалы аспаптар», «ішекті аспаптар» мамандықтары үшін испан тілін білу міндетті емес.

«Гитара» мамандығы үшін испан тілін білу міндетті.

 

Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар (грант иегерлері) үшін де, ақылы негізде оқитындар үшін де ашық.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Erasmus+ бағдарламасы аясында шығындарды (тұру, көлік, стипендия) толық өтей отырып оқитын болады.

 

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы 10 сәуір.

Сондай-ақ 2024 жылғы 15 сәуірге дейін жарамды B1, B2 деңгейіндегі DUOLINGO немесе IELTS сертификатын («Гитара» мамандығы үшін жарамды B1, B2 деңгейіндегі испан тілінің сертификатын) ұсыну қажет.

Егер сертификат көрсетілген мерзімде берілмесе, үміткер мамандық бойынша қабылданғанына қарамастан, академиялық ұтқырлық бағдарламсына қабылданбайды.

Қабылдаушы Тараптың тиісті факультеті іріктеуді өзі жүргізеді.

 

Конкурсқа ағылшын тілінде қатысу үшін, халықаралық бөлімге Word форматында электрондық түрде, халықаралық бөлімінің Email-на intdepkons@gmail.com қажетті жеке құжаттар:

1) Europass резюмесі https://europa.eu/europass/en/create-europass-cv;

2) Аудио-, видео жазбалар (YouTube сілтемелері ретінде) шығармалардың атаулары және көрсетілген аспаптағы ойындар (хатта немесе резюмеде бөлек жазып көрсету);

3) Мотивациялық хат (1–2 стр.);

Қатысу үшін онлайн тіркелу өтінімін толтыру қажет. Тіркеу өтінімін кандидаттың жеке өзі келесі сілтеме арқылы жүргізеді https://mobility.aec-music.eu/LoginServlet, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Виго консерваториясы (Kurmangazy Kazakh National Conservatory and Conservatorio Superior de Música de Vigo CSMVIGO) арасындағы әріптестікті көрсете отырып өтінім жасау қажет.

Студенттер ұсынылған пәндер тізімінен алдын ала оқу жоспарын құруы керек.

2024-25 - CSMV - TABLES ACADEMIC OFFER ECTS


Онлайн-өтінім бергеннен кейін халықаралық бөлімнің қызметкерлеріне телефон арқылы хабарлау қажет +7 727 338 44 83 және +7 705 642 67 41 (Серғазы)

Консультацияларды келесі телефон нөмірі арқылы да алуға болады: +7 702 599 00 62 (WhatsApp, 13:00 кейін кез келген күні), халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер – Жaния Рахманқызы


Альбомдарға оралу