Menu HELPDESK

Консерваторияның биылғы түлектеріне арналған Мемлекеттік білім беру грантын өтеу туралы іс-шара өтті


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына сәйкес, «Қаржы орталығы» АҚ @fincenter.kz жетекші маманы Серікқали Ақзираның қатысуымен ZOOM платформасында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша 2023-2024 оқу жылының түлектеріне арналған іс-шара өтті. Жиында консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы модераторлық етті.

Консерваторияның ресми сайтында «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу өтетіні туралы ақпарат алдын ала жарияланып, барлық бітіруші түлектер хабардар етілді. Мемлекеттік білім беру грантын өтеу туралы өз міндеттерін орындауларына байланысты білім алушылардың түрлі сауалдарына қаржы орталығының маманы кеңінен жауап берді.










Альбомдарға оралу