Жәния Әубәкірованың халық пен БАҚ алдындағы Есептік кездесуі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Әубәкірова Жәния Яхияқызының халық пен БАҚ алдындағы
Есептік кездесуі
2017 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 18:00-де Назарбаев университетінің «OrangeHall» залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Халық әртісі, профессор Жәния Әубәкірованың консерваторияның қорытынды жұмысын көрсетуге арналған көпшілікпен кездесуі өтеді.
Халықпен және БАҚ өкілдерімен кездесу мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Орталық атқару органдарының жетекшілерінің, Әкiмдердiң, ұлттық ЖОО ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Жарлығын орындау мақсатында өткізіледі.
Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның ректоры Жәния Әубәкірова 2016-2017 оқу жылында жасалған жұмыстардың қорытындысымен таныстырып, консерваторияның түрлі даму аспектілерін, дарынды жастарға шығармашылық білім беру үрдісінде жеткен жетістіктер мен шешімін таппаған мәселелер және еліміздің алдыңғы қатарлы музыкалық ЖОО-ның алдында тұрған міндеттерді сөз етеді.
Жақында Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде өткен консерватория ұжымының Гала-концерттері консерватория студенттері мен түлектерінің жоғары кәсіби деңгейі мен шеберліктерін, сондай-ақ музыкалық қордың байлығы мен алуандылығын көрсете білді. Кездесу барысында консерватория ұжымдарының өткізген концерттерінің ең үздік үзінділері мен Жәния Әубәкірованың шығармашылық қызметінің 30 жылдығына арналған фортепианолық өнер мен әртістік қызметі туралы деректі фильмнің тұсаукесері өткізілмек.
Жәния Әубәкірованың шығармашылық қызметіне 30 жыл толуына арналған іс-шараның бас серіктесі «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры. Көпшілікпен есептік кездесу барысында Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның ректорына залдағы барлық қатысушылар сұрақ қоя алады.