Menu HELPDESK

«Корифей» білім беру орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен оқушыларға арналған III Республикалық пәндік олимпиада өтті

Қымбатты достар! Жақында «Корифей» білім беру орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен оқушыларға арналған III Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Биылғы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері аталмыш олимпиадаға белсене қатысып, жүлделі орындарғы ие болды. Атап айтқанда «Қазақ тілі» және «Орыс тілі» пәндері бойынша бірінші дәрежелі диплом мен қатысушы сертификатына 1 курс студенттері Ахмедиярова Ақтоты (Үрмелі аспаптар), Семғалиева Райгүл (Музыкатану), Маркенова Алина (Домбыра) және Маханбетжанова Азиза (Дирижерлеу) ие болды. Жетекшілері: Сүлеева Гүлжан Созақпайқызы, Есетова Айнұр Тәкейқызы және Атембаева Гүлнар Айдашқызы.
Консерватория ұжымы оқытушыларымыз бен студенттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтайды.


WhatsApp Image 2021-10-12 at 15.35.39 (2).jpegWhatsApp Image 2021-10-12 at 15.35.39 (1).jpeg
WhatsApp Image 2021-10-12 at 15.35.39.jpegWhatsApp Image 2021-10-12 at 15.35.40.jpeg
Альбомдарға оралу