Ковент-Гарден корольдік театрының скрипкашысы консерваторияда
9 қыркүйек 2022

Бүгін консерваторияда Ұлыбританиядан келген скрипкашы шеберлік-сыныбын өткізді. Лондон қаласынан келген қонағымыз, әйгілі Ковент Гарден корольдік театрының скрипкашысы Эйлса Хантер «Ішекті аспаптар» мамандығында білім алып жатқан студенттермен өз тәжірибесін бөлісіп, ақыл-кеңестерін ортаға салды.
Шеберлік сабағына профессор Г.К. Мырзабекованың класында тәлім алып жатқан магистрант Ажкенов Абзал мен А.М. Гадееваның шәкірті, 3-курс студенті Асылжан Аружан қатысты.




Қабылдау 2025