КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, қазақ вокал өнерінің көзі тірі аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың шеберлік сағаты өтті
22 мамыр 2025
2025 жылғы 22 мамыр күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында маңызды оқиға — КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, қазақ вокал өнерінің көзі тірі аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағаты Бибігүл Ахметқызының бастамасымен Мәдениет қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері үшін ерекше сыйлық болды. Бұл тек ұлағатты ұстаз және әртіспен кездесу ғана емес, ұрпақтар арасындағы шынайы диалог құру, құнды тәжірибесі мен шабытымен бөлісу мүмкіндігі.
Шеберлік сағатына қатысқандар:
Назерке Романова мен Азиза Ахметжанова (доцент Г. Нұрғалиева),
Алихан Бейсеков (аға оқытушы М. Чалабаев),
Леон Абдуллин (оқытушы Е. Смольянина),
Аружан Алпысбаева мен Жаннұр Жанатқалиқызы (доцент Т. Бекназарова),
Данияр Төлегенов (оқытушы Н. Бажекенов),
Меруерт Сайлау (доцент А. Юсупова),
Богдан Шевченко мен Нұрсұлтан Өтеген (оқытушы А. Трегубенко),
Әдила Ансат (оқытушы Л. Нефедова),
Дулат Манарбеков (доцент У. Кенжебеков),
Амина Рахимжанова (аға оқытушы Г. Дәурбаева).
Әрбір студенттің өнер көрсетуін маэстроның парасатты пікірі мен берген бағасын көпжылдық сахналық тәжірибеге негізделген кеңестері толықтырды. Залға лық толған көрермен орындарынан тік тұрып, ризашылықпен қол соқты. Бұл - шынымен де тарихпен қауышқан ерекше сәт болды.
Бибігүл Ахметқызына жомарттығы, жас орындаушыларға деген ілтипаты және музыкаға деген шексіз махаббаты үшін алғыс айтамыз. Бұл күн консерватория өміріндегі айрықша оқиға ретінде барлық қатысушылардың жадында мәңгі сақталатыны анық.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025