Menu HELPDESK

Үлкен концерт залымызда "Халық музыкасы" факультетінің "Мәңгілік өшпес сарындар" атты концерті өтті

Бүгін консерваториямыздың 75 жылдық мерейтойы құрметіне Үлкен концерт залымызда "Халық музыкасы" факультетінің "Мәңгілік өшпес сарындар" атты концерті болды. Біләл Ысқақов, Нүркен Аширов, Айгүл Үлкенбаева, Төлепберген Тоқжан, Зәмзәгүл Ізмұратова, Рамазан Стамғазиев, Талғат Мұқышев, Гүлфайрус Далбағай сынды дәстүрлі музыкалық өнеріміздің өркендеуіне әрі орындаушы, әрі ұстаз ретінде сүбелі үлес қосып жүрген майталмандарымыз және дарынды студенттеріміздің қатысуымен өткен кеш жоғары деңгейде өтті. Айта кетейік, биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл. Үлкен мерекелік концертіміз 28-қарашада Республика сарайында өтпек. Басталуы 19:00-де.






Альбомдарға оралу