Menu HELPDESK

Мұрат Әбуғазының «Күй-шежіре» атты күй кеші өтті



2020 жылдың 21 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, консерваториямыздың аға оқытушысы Мұрат Әбуғазының «Күй-шежіре» атты күй кеші өтті.
Концертте ҚР Еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Әшіров, ҚР Мәдениет саласының үздігі Талғат Әбуғазы, өнер қайраткері Қазыбек Әдікей және консерваториямыздың халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.








Альбомдарға оралу