Menu HELPDESK

Мәскеу қаласында өткен А.В Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары өз мәресіне жетті

2019 жылғы 9-12 қазан аралығында Мәскеу қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіның ұйымдастыруымен өткен белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары өз мәресіне жетті.
Конференция аясында дәстүрлі музыка майталмандары шеберлік сыныптарын өткізіп, консерваториямыздың ғалым-ұстаздары дайындаған А. В. Затаевич еңбектері жинағының тұсаукесері жасалды. Ауқымды шараның соңғы күні Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының Үлкен концерттік залында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солистері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаева және консерваториямыздың дарынды студенттерінен құралған жетігеншілер ансамблі қатысқан концерт өтті. Жиналған көпшілік қатысушылардың өнеріне риза болып, мерекелік концерт соңында артистерге зор қошемет көрсетті.







Альбомдарға оралу