Menu HELPDESK

«Махаббат, қызыл мол жылдар» кітабына негізделген әдеби-музыкалық кеш өтті



2023 жылдың 2 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу залында Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызыл мол жылдар» кітабына негізделген әдеби-музыкалық кеш өтті.


Консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы қатысқан шығармашылық кешке қонақ ретінде шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы және сценарист, продюсер Назгүл Сарыбай махаббаттың құндылығы және оның әрбір адам баласының өмірінде қаншалықты маңызға ие екендігі туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті.


Консерватория студенттері Рысбек Асқар мен Нұрмұхан Ринат «Бақыт вальсі», «Ғашықпын», «Махаббат деген…"» әндерін шырқап, «Арт-менеджмент» кафедрасының студенттері «Студенттік махаббат» тақырыбын баяндайтын миниатюраны көпшілік назарына ұсынды.





















Альбомдарға оралу