Menu HELPDESK

Мамыр айының 28 мен 30 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Құрамбаева Бішкекте өткен ІІ Халықаралық «Виват, рояль!» фортепиано

Мамыр айының 28 мен 30 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Құрамбаева Бішкекте өткен ІІ Халықаралық «Виват, рояль!» фортепианолық музыка фестивалі аясында шеберлік сағаттар сериясын өткізді.

Онымен бірге арнайы шақыртылған педагог ретінде Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Гнесиндер атындағы музыкалық училищенің оқытушысы Анна Арзаманова да қатысты. Үш күн бойы қос ұстаз Қырғызстанның жас пианистері мен оқытушыларымен өз кәсіби шеберлігі мен жаңашыл тәжірибесімен бөлісті.

Фестиваль Т. Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында  салтанатты гала-концертке ұласты. Іс-шара Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің қолдауымен өтті.

Гүлнара Төлегенқызын сәтті қатысуымен құттықтап, қазақстандық фортепиано мектебін халықаралық деңгейде лайықты түрде таныстырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

Альбомдарға оралу