Menu HELPDESK

Масымханова Ақторғынның презентация-концерт шығармашылық кеші болып өтті

2024 жылдың 15 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында «Қобыз және баян» кафедрасының оқытушысы Халықаралық және республикалық байқаулардың бас жүлдегері Масымханова Ақторғынның презентация-концерт шығармашылық кеші болып өтті.

 Концерттік кешке қобызшылар квартеті (жетекшісі А.Масымханова), қобызшылар ансамблі (жетекшісі А.Масымханова) қатысты. Бағдарлама барысында П.И.Чайковскийдің «Скрипка мен оркестрге арналған» 3 бөлімді концерті, Шопеннің «Ноктюрн», Паганинидың «Кампанелла», Д.Шостаковичтың «Романс» сынды туындаларымен қатар қазақ композиторларының шығармалары орындалды.

Концертмейстер: Марина Алтухова.


Альбомдарға оралу