Министр мемлекеттік наградаларды табыстады
Бүгін Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапат соңы консерватория студенттері және оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты.
Мемлекеттік наградалар төмендегідей ретпен табысталды:
І ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН:
КСРО Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Төлегенова Бибігүл Ахметқызы марапатталды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН
«Атамекен» одағының басқарма мүшесі
Қосыбаев Есетжан Мұратұлы марапатталды.
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН:
1. «Қазақстан қолөнершілер одағы» ҚБ төрағасы,
Бекқұлова Айжан Әбдіманапқызы;
2. «Қазақстандық кәсіби бокс федерациясы» ҚБ вице-президенті
Демьяненко Виктор Леонидович;
3. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Дәуірбаева Гүлзат Бейсенқызы;
4. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртісі
Ибрагимов Сүлеймен Ғайыпұлы;
5. Сала ардагері Идрисова Сапихан Алматы облысы;
6. Сала ардагері Имашев Шаяхмет Алматы қаласы;
7. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртасі Қажғалиева Жанылсын Төлепбергенқызы;
8. Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымының докторы, академик Күзембай Сара Әділкерейқызы;
9. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы, Мелькова Галина Алексеевна;
10. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі, Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
1. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценттері Әбдірашев Бақтияр Төлепбергенұлы және Бердібай Айжан Рахманқұлқызы марапатталды.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ» құрметті атағымен:
1. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы және «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Өтегалиева Сауле Ысқакқызы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен:
1. Т.Қ.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының доценті Мырзашева Әлия Төкенқызы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен:
Сала қызметкерлері Умаров Тахир Мулахунович, Мамырбеков Мухаммед Сейтханович, Шарипова Динара және Заиров Азизжан Ханзатович марапатталды.
«МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» МЕДАЛІМЕН:
«Entree» Хореография студиясының көркемдік жетекшісі Затыльникова Наталья Олеговна марапатталды.
Қуаныш иелерін мемлекеттік марапаттарымен құттықтап, бұдан да жоғары табыстарға жетулеріне тілектестік білдіреміз. Барша халқымызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз.










