Menu HELPDESK

Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына орай «Ән – атасы Әміре» атты кеш өтті

2017 жылы 26 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы қазақтың атақты әншісі, актер, әрі музыкант, қазақ мәдениетін шет елге танытқан ұлы тұлға Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына орай  «Ән – атасы Әміре» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Бұл кештің мақсаты – қазақ халқының әндерін, шығармашылығын насихаттау, Ұлы даланың өнерлі тұлғасы Әміре Қашаубаевтың есімін ардақтау болды.

Кеште консерваторияның 1курс студенттері әншінің өмірін тарихи қойылымдармен  баяндады. Студенттер Әмренің алғашқы болып ата-бабамыздан келе жатқан мұра  – халық әндерін батыс сахналарында орындағанын және де  Мәскеу, Париж, Майындағы-Франкфурт қалаларында көрсеткен өнерін актерлық шеберліктері арқылы көрсетті. Бұл қойылымдарда  батыс халқының  Әміре арқылы қазақ даласының қуанышы мен қайғысын, өмірі мен болмысын, табиғатын, салтын сезінгенін көруге болады.

Іс-шара модераторы  –  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Тохтағұл Айдос.

Альбомдарға оралу