«Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері олимпиаданы жеңіп алды
«Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері олимпиаданы жеңіп алды
Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім беру» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамын студенттерінің 2017 жылғы ҚР БжҒМ ІХ Республикалық пәндік олимпидадағы жеңісімен құттықтаймыз. Олимпиада Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университет базасында өткізілді, тақырыбы «Музыка сабағын өткізу әдісі»
Ақмарал Тұрманова (3 курс) – 1 орын
Айгерім Қажыкаримова (4 курс) – «Музыка сабағында жаңа инновациялық технологияларды үздік пайдаланғаны үшін» диплом
Олимпиада қатысушылары орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Музыка» типтік бағдарламасында берілген тақырыптар бойынша сабақ өткізді.
Сабақ ұзақтығы – 40 минут.
Олимпидада «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша келесі ЖОО студенттері қатысты – І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті, Абай атындағы ҚҰПУ, ҚазМемҚызПУ, Шымкент педагогикалық институты, Тараз мемлекеттік университеті, Құрманғазы атындағы ҚҰК, Қызылорда педагогикалық унивеситеті және т.б.
Конкурс шарты бойынша қатысушыларға төмендегідей талаптар қойылды:
- Сабақ құрылымының ерекшелігі;
- Сабақта дидактикалық және тәрбиелік әдістерді қолдану білу;
- Сабақта интерактивтік сабақ беру әдістері мен тәсілдерін қолдана білу;
- Аудио-бейне техникалар мен дидактикалық құралдарды қолдана білу;
- Аспаптық-орындаушылық және концертмейстерлік дайындықтың болуы;
- Музыкалық орындаушылық деңгейі;
- Әннің музыкалық және әдеби мәтінін эмоционалдық және артистік деңгейде оқу;
- Шығарма орындауда техникалық шеберліктің деңгейі;
- Дауыс интонациясының тазалығы және вокалдық-орындаушылық мәдениеті;
- Сабақта вокалдық-хордық жұмысты ұйымдастыру;
- Музыка тыңдау процесін ұйымдастыру;
- Пәнаралық байланыстың болуы;
- Мұғалімнің жеке қасиеттері: сезімталдық, артистік, шығармашылық, сөйлеу мәдениеті, педагогикалық қарым-қатынас стилі, студенттермен байланыс орнату.
Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері кәсіби құзіреттілік иелігін (орындаушылық (фортепиано, домбыра), хормен дирижерлау, ағартушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық және т.б.) көрсетіп, сабақтарын жоғары деңгейде өткізе белді. Олардың дайындықтары қазылар алқасының құрамымен бірауыздан жоғары бағаланды!
Консерваторияның ақпараттық бөлімі