МУЗЫКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ. ПРОФЕССОР ДИНА КОНСТАНТИНОВНА КИРНАРСКАЯНЫҢ ДӘРІСТЕРІ
23 қыркүйек 2016
МУЗЫКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ. ПРОФЕССОР ДИНА КОНСТАНТИНОВНА КИРНАРСКАЯНЫҢ ДӘРІСТЕРІ
26-29 қыркүйек аралығында консерваторияның Ф.Шопен атындағы Камералық залында Гнесиндер атындағы РМА шығармашылық және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, продюсерлік факультетінің негізін қалаушы әрі ғылыми жетекшісі, өнертану және психология ғылымдарының докторы, профессор Дина Константиновна Кирнарскаяның дәрістері өтіп жатыр.
Дина Кирнарскаяның ғылыми тақырыбының аясы музыкатанумен байланысты болғандықтан, оның дәрістерінде «Музыкалық қабілеттер және оның дамуы", "Көпшілік музыкалық білім не үшін қажет?", "ХХІ ғасырдағы классикалық музыка", "Классикалық музыканың бар болуы не болмауы", "Мәдениет нарығының бес айырмашылығы" секілді аса маңызды әрі қажетті тақырыптар талқыланады.
Аса қызығушылық пен жоғары біліммен қаруланған музыкалық психология саласындағы Ресейдің көрнекті профессоры, белді маманы өз кездесулерінде қазіргі заман музыканттарына бейіндік біліммен қатар, классикалық музыканы насихаттауда қажет болатын басқарушылық дағдыларын қатар дамыту керек екендігін басып айтты.
Осылайша, төрт күнге созылатын өте қызықты әрі ақпаратты кездесу барысында Дина Константиновна Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары мен студенттеріне шығармашылық идеяларды жүзеге асыруда «іскерлік жұқпалылық» пен көшбасшы болу қабілетіне қол жеткізу мүмкіндіктерімен бөлісті. Әрине, бұл тамаша естіледі!
Лекцияның басталуы: 11.00
*Д.К. Кирнарскаяның дәрістері Бас демеушіміз "Самұрық-Қазына" АҚ (Samruk-Kazyna Trust) қолдауымен, "Классика музыкалық агентігі" ММ бірігіп "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу-білім беру, әкімшілік-ұйымдастырушылық үдерістерін модернизациялар" жобасы аясында өтіп жатыр.
Келем деушілерге есік ашық!
Анықтама үшін
Дина Константиновна Кирнарская – Ресей музыкатанушысы, Гнесиндер атындағы РМА шығармашылық және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, продюсерлік факультеттің негізін қалаушы әрі ғылыми жетекшісі, өнертану және психология ғылымдарының докторы, профессор, «ХХІ ғасыр дарындылары» АНО президенті. Мәскеуде тұрады, музыкалық және басқа да қабілеттерді тестілеу теориясы мен тәжірибесінің алдыңғы қатарлы маманы, «Классическая музыка для всех», М., 1997 ж. және «Музыкальные способности», М., 2004ж. бестселлерлерінің авторы . Д.Кирнарскаяның "The Natural Musician: on Abilities, Giftedness and Talent" ("Нағыз музыкант: қабілеттер мен дарындылық туралы) атты еңбегі 2009 жылы Oxford University Press баспасынан жарыққа шықты. Білім берудегі музыкалық психология саласындағы музыка мұғалімдеріне арналған көптеген семинарлар мен тренингтердің жетекшісі. Композиторлар және журналисттер Одақтарының мүшесі.
Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025