Музыкалық қойылым «Домбыра туралы аңыз»
16 наурыз 2018
17 наурыз күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде «Домбыра туралы аңыз» атты музыкалық қойылым өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар: Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен «Классика» музыкалық агенттігі
Қойылым аясында жас көрермендер Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі туралы біліп, қазақтың ұлттық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихынан мағлұмат алады.Ал консерватория студенттері танымал композиторлардың әйгілі туындыларын орындайды.
Қойылым бағдарламасында Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбановтың «Ақсақ құлан», «Өртеке», «Аққу», т.б. күйлері орындалады
Концертке қатысатындар: «Кәусар» ансамблі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ерболат Хайруллаев, Темір Ақбөкен, Нұрлыбек Нажекенов, Темірбек Мұратбек (домбыра), Әлімжан Байженов (Шертер), Ақмарал Наурызова (қобыз) Аяулым Кенжеғазиева (сазсырнай), Әнел Туырлықбаева (жетіген)
Құрманғазы атындағы ҚҰК көптеген қайырымдылық мәдени жобаларға белсенді түрде бастамашылық етеді.
Консерваторияның студенттері мен ұжымдары жыл сайын Алматы қаласының арнайы әлеуметтік мекемелерінде өнер көрсетеді.
Қабылдау 2025