Menu HELPDESK

«Музыканттар балы - 2019»

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «2019 - Жастар жылы» аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Музыканттар балы - 2019» өтті.
Биылғы «Музыканттар балына» 1 және 4 курс студенттерінен құралған 8 жұп қатысты. Барлығы би кешіне арналған киімдерін киіп, ерекше күйге бөленген. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың арасында мәдениет пен әдепті қалыптастыру. Әсем әнге елітіп, дөңгелене вальс билеген қатысушыларды көруге келгендердердің қатары да көп болды.
Бір айға жуық дайындалған студенттер вальс билеп болған соң, үлкен концерт залдың сахнасында көрермендерге өз өнерлерін паш етті. Іс-шара соңында әділ қазылар алқасы үздік жұпты анықтап, марапаттады.










Альбомдарға оралу