Menu HELPDESK

«Музыкатану және композиция» кафедрасының 2 курс магистранты Жанель Интыкбаеваның авторлық концерті өтті

2025 жылғы 30 мамыр күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының 2 курс магистранты Жанель Интыкбаеваның авторлық концерті өтті.

Бағдарламада әртүрлі құрамға арналған – жеке фортепианолық пьесалардан бастап үрмелі, ішекті ансамбльдер мен симфониялық оркестрге арналған туындылар орындалды.

Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары, Консерватория оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Надия Наденова қатысты.
Кеш бүгінгі қазақстандық академиялық музыканың нағыз мерекесіне айналып, көрермендер орындаушылар мен автордың шабытымен үйлесім тапты. Бәрекелді!
Альбомдарға оралу