Menu HELPDESK

Музыкатанушы-ғалым Айзада Нүсіпованың монографиясы жарық көрді


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай Айзада Нүсіпованың «Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы фортепианолық концерт (1940-2000 жылдар)» монографиясы жарық көрді. Монография Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы фортепианолық концерт жанрының қалыптасуы мен эволюциясының негізгі үрдістеріне арналған.

НҮСІПОВА Айзада Сайфуллақызы – қазақстандық музыкатанушы-пианист, өнертану кандидаты, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің деканы, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы үздік ғылыми қызметкер» құрметті атағының иегері, Құрманғазы атындағы ҚҰК жанындағы диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, ҚР Композиторлар қауымдастығының Басқарма мүшесі. А.С.Нүсіпова – екі монографияның, Қазақстан композиторлары шығармаларының негізінде құрастырылған «Гармония хрестоматиясы оқу құралы (Н.С. Кетегенова, Г.З. Бегембетовамен бірлесіп жазған), бес шығармашылық еңбектің – «Қазақстан композиторлары» 3 томдық, «Қазақстан композиторлары туралы очерктер» және «Хранитель тайны. Базарғали Жаманбаев», әртүрлі мамандықтар бойынша жеті типтік оқу бағдарламасының (50 б.б.), авторы. Ғылыми-көпшілік басылымдарда, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында және әртүрлі жинақтарда жарияланған 90-нан астам ғылыми еңбектері бар.

Музыкалық теориялық және тарихи пәндер бойынша жетекші оқытушы ғалымның қызығушылықтары қазақ музыкатану ғылымының қазіргі және өзекті мәселелерін қамтиды және музыкалық тәжірибеге қажетті қазақ кәсіби музыкасы туралы білімнің жаңа деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Еңбекте Қазақстанның музыкалық мәдениетіндегі фортепианолық орындаушылық өнер мен композиторлық шығармашылықтың маңызды аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Консерватория ұжымы Айзада Сайфуллақызын келелі еңбегінің жарыққа шығуымен құттықтап. зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейді!


Альбомдарға оралу