Menu HELPDESK

Нұр-Сұлтан қаласында Б.Ә. Жаманбаевтың шеберлік-сыныбы өтті.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдық мерейтойы аясында ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Дирижерлеу және композиция» кафедрасының профессоры Б.Ә. Жаманбаевтың шеберлік-сыныбы өтті.

Шараға Италияның Флоренция қаласындағы атақты Луиджи Керубини атындағы консерваторияның ректоры Паоло Зампини қатысып, шеберлік-сыныбына қатысушыларға және жалпы қазақстандық кәсіби музыка мамандарының деңгейіне жоғары бағасын берді.

Шараның өтуіне қолдау білдірген, Базарғали Әжиұлына құрметін аямай, шапан жауып, сый-сияпатын көрсеткен Қазақ ұлттық өнер университеті басшылығына және ұйымдастыруға ат салысқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз.












Альбомдарға оралу