Menu HELPDESK

Нұр-Сұлтан қаласында консерватория студенттері жоғарғы деңгейде өнер көрсетті

Ағымдағы жылдың 27 наурызбен 31 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде V Халықаралық EURASIA PIANO FORUM байқауы өтті.

Байқауға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Фортепиано» кафедрасының студенттері қатысып, жоғарғы дәрежеде өнер көрсетті.

Консерватория студенттері өнер сайысына «Фортепианода жеке орындаушылық» және «Ансамбльдік орындаушылық» номинациясы бойынша баптары мен бақтарын сынады. Биылғы жылы байқау ҚР Тұңғыш президенті жариялаған «Жастар жылы» аясында өткен.

«Дәстүрлі жарыстың мақсаты – «Міндетті фортепиано» пәнінің төңірегінде фортепианолық орындаушылықпен айналысатын барлық мамандықтағы оқушылар мен студенттердің фортепианода ойнау дайындығының деңгейін анықтау, әр түрлі мамандықтағы жас музыканттарды фортепианолық орындаушылыққа ынталандыру және жастардың қызығушылығын арттыру», – деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.

«Ансамбльдік орындаушылық» номинациясы бойынша Абдуахап Қымбат пен Құсайынова Салтанат 1-ші орынға ие болды. «Фортепианода жеке орындаушылық» номинациясы бойынша келесі студенттер марапатталды:

3-ші орын иегерлері - Өскенбай Тоғжан, Жаксылыққызы Ару, Сатова Айым, Кәрімқұлова Перизат, Ерман Әсел, Айдын Рания, Қабдуалиев Дәулет.

2-ші орын иегері - Елубаева Дана.

1-ші орын иегерлері - Қайыпова Роза, Артықбаев Нұрбол, Рахымбет Фариза, Төлеутай Баянды

V Халықаралық EURASIA PIANO FORUM байқауының Бас жүлде иегері - Рахымжан Нұрлыхан атанды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!


Альбомдарға оралу