Menu HELPDESK

«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кураторлық сағат өтті



2023 жылдың 1 ақпанында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасының студенттерімен Алматы қалалық Жастар ресурстық орталықтарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Құрман Дидар және АҚТҚ/ЖИТС жаңа психоактивті заттар бойынша кеңесші Мирас Мырзаханмен кездесу өтті.

Алдымен кураторлық сағатты консерваториямыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы ашып, арнайы келген қонақтарды студенттерге таныстырды.

Келген қонақтар студенттерге нашақорлықтың зияны, оның адамға әкелер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқтала кетті. Консерватория студенттеріне есірткі, нашақорлық туралы сұрақтар қойып, жастар тарапынан тиянақты жауабын алып отырды. Өз сөздерінде қонақтар жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, ынталы шәкірт, білікті маман болуға шақырды.

Өмірде көптеген құндылықтар бар. Ол әуелі – адам, оның өмірі, денсаулығы, кіші Отаны – отбасы, достары, білімі және тәрбиесі. Адам қоғамда өмір сүреді. Қоғам деген – мемлекетің, ұлтың, жүрген ортаң. Ұлттық құндылықтар тағы бар. Осы аталған құндылықтарға жету жолында адамзат баласы көп қиындықтан өтіп, уақыты мен күшін сарп етті, әлі де сарп етіп келеді. Біз өз өмірімізді құнды дүниелермен толықтырып, білімімізді жетілдіріп, мақсат-мұратымызды айқындап, басты адами құндылықтарымызды сақтай отырып, уақыт талаптарына икемделе алсақ қана нағыз қоғамды ілгері бастамақпыз. Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлық бір немесе бірнеше адам оңай жеңе салатын кесел емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар, қоғам белсенділері, сіздер мен біздер Қазақстанның әрбір азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның таралуына қарсы тұру – біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау жасай білу – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің бастауы.

Бүгінгі жиынның сөз түйіні осындай болды. Ел болашағы – жастарымыз түрлі рухани кеселдерден аман болып, еліміз қарыштап дами берсін!










Альбомдарға оралу